Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар жақын арада жаңа баспанамен қамтылады. Жоспар бойынша тұрғындардың алғашқы легі жаңа үйге 18-ші шілдеде, қалғандары – 15- ші тамызға дейін кіруі тиіс. Мамыр айында Шығыстағы шағын шаһардың іргесіндегі орманда өрт шығып, 32 үй жанып кеткен болатын. Президент Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне баспанасыз қалғандарға көмектесу жөнінде тапсырма берді. Бүгінде 32 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Әр баспанаға ас үй жиһазы орнатылады. Сондай-ақ, өрттен келген залалды есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды. Бірер күнде адамдар өтемақы ала бастайды.
Берік Көшербай