Елбасын бірнеше елдің президенттері құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасын бірнеше елдің президенттері құттықтады

07.07.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Елорда күні мен Тұңғыш президенттің туған күніне орай құттықтау хаттары әлі келіп жатыр. Бүгін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі айырықша рөлін атап өтті.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:
Сіздің Беларусь пен Қазақстан арасында жемісті байланыс орнатуға, еуразиялық интеграция идеясын іс жүзіне асырып, посткеңестік кеңістікте тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Әрдайым екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді шешім қабылдауға әзірлігімен әрі ашықтығымен ерекшеленетін жақын қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын.

Ал Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қазіргі Қазақстанның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін айтты.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Президенті:
Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өткім келеді. Түрікменстан мен Қазақстанның мемлекетаралық қатынастары және стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін дамып, нығая түсетініне сенімім мол.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу