Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02.07.2021

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында суға түсу маусымы басталғалы 200ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жағажайда тәртіпті қамтамасыз етушілер қатарында туристік полиция қызметкерлері де бар.

Ағылшын тілін жетік меңгерген полицейлер Алакөл жағалауында биыл екінші жыл жұмыс істейді.50ге тарта қызметкер маусым айынан тамыздың соңына дейін қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Талғат Нұриев, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы: 
Алакөл жағасында азаматтарды қабылдау және жеткізу үшін 5 стационарлық бекет және 77 бейне бақылау камералары орнатылған. Олардың бәрін поиция бекетіндегі полиция қызметкері қарап, қадағалап отырады. Туристік кезең басталғалы бері 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу