Қызылорда теміржол вокзалында «Ashyq» бағдарламасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда теміржол вокзалында «Ashyq» бағдарламасы іске қосылды

02.07.2021

Қызылорда теміржол вокзалында бүгіннен бастап «Ashyq» бағдарламасы іске қосылды. Бұдан-былай жолаушылар тексеріліп барып қана вокзал аумағына жіберіледі.

Ғимарат кіреберісіндегі қызметкерлер келушілердің смартфоны мен төлқұжаты арқылы коронавирусқа қатысты статусын анықтап, бақылау жүргізуде. Жасыл мен көк түс көрсетсе кіруге рұқсат, ал сары мен қызыл түс шықса, жолаушы вокзал ішіне жіберілмейді. Мұндай талап, шетел азаматтарына да қойылған. Тек, 18 жасқа дейінгі балаларға ғана «Ashyq» бағдарламасы қолданылмайды.

Бауыржан Сағымбаев, Қызылода вокзалы басшысының міндетін атқарушы:
Коронавирус инфекциясының алдын алу және таралмауы мақсатында 1 шілдеден бастап «Ashyq» жобасы енгізіліп отыр. Осы орайда, қала тұрғындарын, вокзалға келушілер, жолаушылар вокзал аумағына тек қана «Ashyq» жобасымен кіруіне байланысты түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу