Маңғыстауда баласын сынықшыға апарып мүгедек еткен ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда баласын сынықшыға апарып мүгедек еткен ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін

02.07.2021

Маңғыстауда сынықшыға барып, мүгедек боп қалған баланың ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін. Оқиға маусым айында Қызылсай аулында болды. 9 жасар жеткіншек велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Ал оның ата-анасы баланы дәрігерге апарудың орнына ауылдағы емшіге қаратқан. Бірақ 11 күннің ішінде жеткіншектің қолы қарайып, гангренаға ұласты. Дәрігерлерге қолды шынтаққа дейін кесуден басқа амал қалмады. Айтуларынша, ауруы әбден асқынған. Тағы 1 апта кешіккенде бала өліп кетуі мүмкін еді.

Жамбыл Базарбаев,   Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы:
Балаға психикалық көмек көмектесіп, әлеуметтік материалдық көмек берілді. Қазір Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы комиссия отырысында ұсыныс беріп, ата-анасын шектеуге немесе ата-анасын әкімшілік жазаға тартуға ұсыныс берілді. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу