Суретке түсемін деп Шарын өзеніне құлап кеткен турист табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретке түсемін деп Шарын өзеніне құлап кеткен турист табылмай жатыр

02.07.2021

Алматы облысында жартастан Шарын өзеніне құлап, ағып кеткен турист әлі табылмады. Оны іздеу үшін 50-ден астам құтқарушы жұмылдырылды. Оқиға 1 шілде күні күндізгі 11:00 шамасында болған. Көлсай көлдерінен қайтып келе жатқан 36 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «қара шатқал» атанып кеткен тұста суретке түсуді көздеген. Алайда аяғы жардан тайып кетіп, ағыны қатты Шарын өзеніне құлаған. Оны іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған.

Игорь Жуков, Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің барлық күштік құрылымдары, республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушылары, «ҚазАвиаҚұтқару» тікұшағы, тәртіп сақшылары мен, ұлттық парк қызметкерлері сондай-ақ Кеген ауданы әкімдігінің өкілдері тартылды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу