Шымкентте кілем дүкені жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кілем дүкені жанып кетті

10.06.2019

Шымкент қаласында кілем сататын дүкендердің бірі отқа оранды. Жабық тұрған сауда орнынан кешкісін сағат 5-тер шамасында қою қара түтін шыққан. Төңірегіне жылдам тараған шоқтан аумағы 432 шаршы метр болатын дүкеннің жартысынан көбі ішіндегі бұйымдарымен қоса күлге айналды. Өрт төтенше жағдай қызметі құтқарушыларының көмегімен 40 минут ішінде ауыздықталды. Апат орнында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді. Сондай-ақ, 40 құтқарушы жұмылдырылды. Төтенше жағдай қызметі әзірге оттың неден тұтанғанын айта алмай отыр. Апат себептері оқиға орнында жүргізіліп жатқан зерттеу-сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде белгілі болмақ.

Зарипа Тұрысбекова, Қалалық төтенше жағдайлар департаменті:

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығындар анықталуда. Алдын ала болжам да жоқ. Ештеңе айта алмаймыз. Егер шатыр жанса, қысқа тұйықталудан дер едік. Ал кілемнің ішінде не болғанын енді...

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу