Қостанай облысында карантин талаптары қатаңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында карантин талаптары қатаңдайды

01.07.2021

Маңғыстауда кәсіпкерлік нысандарда карантиндік шектеулер күшейтіледі.  «Ашық» қосымшасы енгізілмеген нысандардың жұмыс уақыты қысқарады. Мәселен, мейрамхана, дәмхана, жазғы кафелер мен қоғамдық тамақтану отындарына таңертең 9-дан кешкі 8-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат. Онда да келушілерді 50 пайыздан асырмауы тиіс. Діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. «Ашық» қосымшасы енгізілген кәсіпкерлік нысандарда өзгеріс жоқ. Дегенмен санитарлық талап баршаға ортақ. Өңірде эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп барады. Өткен тәулікте 81 адамнан қатерлі індет анықталды. Облыста вирусты жұқтыру көрсеткіші 23 пайызға артқан. Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы сенбіден бастап күшіне енеді.

Асылбек Шаров, Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 
Барлық шектеулер осы бірінші қосымшағамен кәсіпкерлік обьектілер, мемлекеттік квазисекторлар барлығы осы көрсетілген қосымша бойынша жұмыс атқарады. Және Маңғыстау облысы аумағында аурудың күрт өсуіне байланысты, сары аймақта бола тұра қызыл аймақтың шгектеулерімен жұмыстар жүргізіледі. 

Келер аптадан бастап Қостанай облысында да карантин талаптары қатаңдайды. Бұған өңірдегі коронавирус инфекциясының өршуі себеп. Соңғы тәулікте 51 адам ауру жұқтырып, күнделікті өсім 0,3 пайызға жетті. Осыған байланысты қала және облысаралық бағыттағы автобустар қатынасы тоқтамақ. Адамдарға ұжымдасып экскурсия, табиғат аясына шығуға да тыйым салынды. Уақыт бойынша шектеулер кинотеатр, қоғамдық тамақтану орындарын да қамтиды. Ал жабық ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес тауарлар дүкендері сенбі, жексенбі мүлдем жұмыс істемейді. Тек «Ashyq» жобасына қатысушылар бұл шектеулерден босатылады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу