Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше жер қатынастары жөніндегі заңға қол қойды. Құжат жер заңнамасын жетілдіріп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеуді көздейді. Қоғам өкілдері/ жаңа заңның нормалары арқылы жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау күшейеді деп отыр. Құжаттағы басты нормалардың бірі - ауыл шаруашылық жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторий 2026 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды.
Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:
Бұл уақытша 5 жылға тоқтатқан дұрыс. Бірақ, менің ойымша болашақта ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке беруге жол бермеуіміз керек. Себебі, көптеген азаматтардың қолында жер жоқ. 99 пайыз азаматтарды жер жоқ.
Марат Башимов,Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:
Кадастрлық ашықтық деген – кім жердің артында тұр, кім алып отырғандығын қазір бәрі де біліп отырады. Оның бәрі ашық түрде болу керек. Біз ашық мемлекет дегенді, Президент тікелей ескертті. Осыған да сәйкес келіп тұрған, оны да мысалы мойындау керек.
Дарын Сағитов