Түркістан облысында екі инкассаторды өлтірген пошта қызметкері болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында екі инкассаторды өлтірген пошта қызметкері болып шықты

10.06.2019

Екі инкассаторды өлтіріп, «Қазпоштаның» қаржысын тонаған қанды қол қарақшы ұсталды. Күдікті сол пошта бөлімшесінде жұмыс істеген жергілікті тұрғын болып шықты.

Қанды оқиға 7 маусым күні болды. Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөліміне 2 инкассатордың үшті-күйлі жоғалғаны туралы хабар кеп түседі. Олар ауылға ақша жеткізуге шығып кеткен екен. Көлікте зейнетақы мен жәрдемақыға арналған 7,5 миллионнан астам теңге болған. Жедел іздестіру кезінде Арыс қаласынан 3 шақырым жерден бос көлікті тапты. Ал аудан орталығынан 35 шақырым жерден 2 инкассатордың мәйіті табылды.

Кісі қолынан қаза тапқандардың бірі - 4 баласы бар 55 жастағы азамат. Екіншісі - жақында ғана үйленген 25-тегі жас жігіт. Ал ақша үшін екі бірдей әріптесінің өмірін қиған қаныпезер өз үйінде жатқан жерінде қолға түсті.

Қайрат Дәлібеков, Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Өз күнәсін мойыпдап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Айғақ зат ретінде қару алынды, ақша да анықталып, алынды.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу