Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады. Наталья Годунова президентке былтырғы бюджеттің жұмсалуына қатысты есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.
Сондай-ақ Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясына» жүргізілген тексерістердің қорытындыларын баяндады.
Досжан Маратұлы