Төрт отбасы бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрт отбасы бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр

30.06.2021

Шымкенттік Абдримовтар әулеті үйелмелі-сүйелмелі балалары мен егде тартқан қариялары бар 4 отбасы бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр. Онда да отбасы мүшелерінің бірқатарына сол маңдағы өзге үйге тіркеуге тұруына тура келген. Өзбекстаннан ата жұртқа қоныс аударған көпбалалы шаңырақ қолдарында мемлекеттік актісі бола тұра 20 жылдан бері тұрып жатқан баспанасы мен жер телімінің үштен бірін ғана меншік иесі ретінде әрең заңдастырған.

Аумағы 100 шаршы метр болатын баспанада бір бос бөлме жоқ. Бірінде жасы 80-ге таяған қос қария, екіншісінде үлкен баласы 5 перзентімен күнелтуде. Үшіншісінде әлдеқашан немерелі болған қыздары, кіреберісте енді үйленген кенжесі отбасымен тұрып жатыр. Жасау жићазы мен тұрмыстық затары сыймайтын болған соң бәрі де оларды есік алдындағы сарайға жиып тастапты.

Марат Абдримов, Шымкент қаласының тұрғыны:
14-15 адам тамақ жейміз. Қыста мал ұстайтын да жер жоқ. балаң болған соң далаға шығарып тастай алмайсың.

Бар қиындық тұрып жатқан ауылдарының Шымкент қаласының құрамына өткеннен кейін басталды. Қаланың талабы бойынша бір отбасыға 10 жүздіктен артық жер берілмейтін болған соң иелігіндегі телімнің жартысынан көбінен айырылып қалды. Әйтпесе соны үшке бөліп, отбасылы балаларына енші бөліп бермек болып жүрген-ді.

Зибагүл Беркімбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:
Менің өкпелейтінім елім деп келдім. Өз ақшама сатып алдым. Шешімі бар, тех паспорты бар. топосьемка бар. Бермейді жекеменшікке. Жерді берсе палатка құра ма, шимен қоршап ала ма тірі жан тіршілігін істер еді. Документ болмаған соң ешқайсысы баспайды.

Зибагүл апа меншігіндегі жерді үшке бөлеуді сұрап құзырлы мекемелердің табалдарығын тоздырғанымен ондағылар түрлі себеп айтып, әлі күнге сандалтып келеді. Жауаптылардың айтуынша, қала.

Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
Талап бойынша артық жер болуына байланысты тек қалалық деңгейдегі талаптарға сәйкес артық ақшаны төлеп барып алады. Басқаша ала алмайды.

Мүгедек болып қалған отағасы мен 7 бала тапқан батыр анаға енді өз жерін ақша төлеп қайта сатып алудан басқа амал қалмай тұр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу