Жыл соңына дейін қосымша 140 мың адам көгілдір отынның рахатын көреді. Бүгін, халық алдында есеп берген энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деді. Қазіргі таңда, елімізде 9 млн 840 мың адам көгілдір отынды қолданып отыр. Министрдің ойынша, жер жаханда экономикалық белсенділік артып келеді. Сол себепті, Қазақстан мұнай өндіруді жылына 90 млн тонннаға арттыруға әзір. Еліміз былтыр 85 млн тонна мұнай өндірген. Оның 70 млнға жуығы экспортталды. Министр, Қазақстан Беларус еліне мұнай тасымалдау мәселесі қаралып жатқанын айтты. Келісім шарт күз айларында бекітілуі мүмкін -деді.
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:ЖЖМ мұнай зауыттарының қалыпты жұмыс істемеуінің салдары. Үш зауыттың үшеуі тұрақты жұмыс істеп тұр. Атырау электр қуатының уақытылы бермеуінен болды. Шымкентте жөндеуге жабылуы өз әсерін берді.
Әдетте, күзгі жиын-терім уақытында мұнай өңдеу зауыттары жөндеуге жабылып, жанармай бағасының қымбаттауына түрткі болатын. Министр осы сұраққа жауап ретінде, шілде-тамыз айларында Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілетінін ескертті. Соңғы бір жылда елдегі бензин бағасы 10-12 пайызға қымбаттады.
Ғабит Бөкенбай