Жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясы аяқталды

30.06.2021

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясы аяқталды. Жалпы, сайлаудан кейін Мәжіліс құрамы 70 пайызға жаңарған. Алғаш рет мәжілістің 7 комитетінің екеуін Парламенттік оппозиция басқарды. Карантиндік күрделі кезеңге сәйкес келсе де технологиялық жетістіктердің арқасында заң шығарушы органның жұмысы тоқтамады. Мәжілістің 23, Сенаттың 21 отырысы өтті. Қос палата осы сессияда 104 заң жобасын қарады. Оның 63-і қабылданып, 58 құжатқа Президент қол қойды. Солардың ішінде сүйектісі сайлау туралы заң. Президенттің ұсынысымен саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендетілді. Барлық деңгейдегі бюллетеньге «бәріне қарсымын» графасы енгізілді. Ауылдық округтердің әкімдерін халық сайлайтын нормалар қосылды. Сондай-ақ жерді шетелдіктерге жалға беру және сатуға түбегейлі тыйым салынды. Республикалық бюджет нақтыланды. Әлеуметтік саланы нығайтуға 374 млрд теңге қаралса,140 млрд теңге республикалық және жергілікті жолдарды жөндеуге бағытталды. Осы сессияда қос палата бастамасымен 24 заң жобасы түзілді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу