Елімізде 1797 адам Кеңес Одағының төлқұжатымен жүрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1797 адам Кеңес Одағының төлқұжатымен жүрген

29.06.2021

Елімізде жеке куәлігі жоқ 4600-ден астам адам анықталды. Олардың ішінде 1797 азамат Кеңес Одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы көші-қон комитетінің өкілдері мәлімдеді. Жеке куәлігі жоқтар негізінен Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұрады. Қазір олардың 3408-не жеке куәлік берілді. Ал қалған 1278 адамды құжаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Айта кету керек, құжаты жоқ азаматтар түрлі жәрдемақылардан қағылып, білім, медицина саласындағы қызметтерді пайдалана алмайды.

Сабыржан Сейтжанов, ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:
Қазіргі кезде аталған науқан жалғасуда. Сол себепті мүлдем құжатсыз жүрген азаматтарға айтарым: өздерінің құқықтың мәртебелерін анықтау және жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгінулеріңізге болады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу