Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам екпе алды

29.06.2021

Алматыда соңғы тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алып, жалпы көрсеткіш 450 мың адамға жуықтады. Дегенмен, қалада ахуал ушығып тұр. Кеше 216 адам инфекция жұқтырған. Науқастардың жартысына жуығында ауру белгілері бар. Жансақтау бөлімінде 49 пациент ем алып жатыр. Мегаполис қызыл аймаққа өткен соң бизнес субьектілеріне қатысты шектеу шаралары енгізіліп, мониторингтік топтардың тексерісі күшейді. Өткен аптадан бері 1200-ден астам құқық бұзу дерегі анықталып, 3 жарым мыңға жуық адам полиция басқармасына жеткізілген. Сондықтан, мамандар көпшілікті сақтық шараларын естен шығармауға шақыруда. Сондай-ақ мутацияланған штамдардың тез таралып жатқанын айтып, ауру белгілері байқалса бірден тексерілуге кеңес берді.

Қонай Бесбаев, қалалық №21 емхананың бөлім меңгерушісі: 
Дельта штамының басты симптомдары алдыңғы коронавирустық инфекцияға қарағанда бұл иіс және дәм сезу жолдарының жоғалмауы. Сонымен қоса, бастапқы айырмашылығы буын ауруы, іш өтуі немесе іштің қатты ауруы және есту қабілетінің жоғалуы болып саналады.  Халыққа айтарымыз, вакцинация алған дұрыс. Денсаулық ең басты байлық.


Хабарламаларға жазылу