Вакцинация басталғалы КВИ жұқтырғандар саны 2 есе азайды - Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинация басталғалы КВИ жұқтырғандар саны 2 есе азайды - Цой

29.06.2021

Вакцинация басталғалы коронавирус жұқтырғандардың саны екі есе азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Екпе салдырғандардың саны сәуір-маусым айлары аралығында 1 млн 300 мың адамнан 3 млн екі жүз мың адамға дейін жеткен. Соның арқасында елде «Дельта» штаммының тіркелгеніне қарамастан, аурудың таралу деңгейі бәсеңдегені байқалады.

Дегенмен аурудың таралуы әлі толық тоқтаған жоқ. Ауруханалар 27 пайызға, жан сақтау бөліміндегі орындар 24 пайызға толған. Осыны ескере отырып, Үкімет басшысы Асқар Мамин облыс әкімдеріне вакцинация қарқынын арттырып, «қызыл» аймақтағы карантин шараларын күшейтуді тапсырды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу