Қызылордада такси жүргізушілері екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада такси жүргізушілері екпе алды

28.06.2021

Ақмола облысында КВИ-ға қарсы вакцина салдырушылар саны күрт артты. Әсіресе, Целиноград, Жарқайың және Қорғалжын ауданында тұрғындар белсенділігі байқалады. Мәселен, Қорғалжың ауданында соңғы бір аптада екпе салдыруға келгендер саны 25 пайызға көбейген. Мәлімет бойынша вакцинаның 1 ші компонентін аудан халқының 40 пайызы, ал, 2 ші компонентін 20 пайызы алып үлгерді. Қазір өңірге вакцинаның 264 мыңнан астам дозасы жеткізілген. Елдегі эпидахуалдың күрделенуіне баланысты жергілікті билік өкілдері де тұрғындарды екпе салуға ынталандырып жатыр.
Дарын Сабырғалиұлы, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары:
Мемлекетіміз денсаулықтарыныз мықты болсын-деп барлық шараларды жасап жатыр. Сақтансаң сақтаймын-деп бекер айтылған жоқ. Сақтанудың бір жолы осы вакцинациялау. Соған шақырамын. Бірге болайық!
Қызылордада такси жүргізушілері де коронавирусқа қарсы екпе ала бастады. Бүгінде халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін еңбек ұжымдары жаппай вакцина қабылдап жатыр.
Облыста 143 мың адам вакциналаудан өтсе, соның 60 мыңы - қала тұрғындары. Індетке қарсы маңызды науқаннан такси жүргізушілері де қалыс қалмады. Бүгінде шаһарда тұрғындарға жылдам тасымалдау қызметін көрсететін бірнеше орталық бар. Онда мыңдаған адам күндіз-түні жұмыс істейді. Темір тұлпар тізгіндегендер ерікті түрде екпе алып қоймай, барша тұрғындарды сақтақ шаларын қатаң сақтауға шақырады.
Арман Байкиев,   такси қызметінің әкімшісі:
Жолаушыларымыз да вакцина алғандар болса жақсы болар еді деп ойлаймыз. Өйткені, ол кісілердің үйлерінде бала-шағасы бар. Әркім өзінің отбасы үшін вакцина алып және індетке қарсы тұрғаны дұрыс шығар дейміз.

Хабарламаларға жазылу