Шығыс Қазақстанда қос азаматтығы бар 40 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қос азаматтығы бар 40 адам анықталды

28.06.2021

Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды. Олардың ішінде 10 адам басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын белгіленген мерзімде құзырлы органға хабарламағаны үшін жазаланды. Ал 30 адам Қазақстан азаматының құжаттарын әлі пайдаланып жүргені үшін айыппұл төледі. Көші-қон қызметінің өкілдері өңірде осы бағыттағы жұмысты үнемі жүргізіп, заңды бұзғандарды анықтайды.

Нұрлан Жеңісханов, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары: 
2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Риддер қаласының тұрғыны анықталды. Ер адам мемлекеттік қызметтерлі және ай сайынғы зейнетақы төлемін алу кезінде ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушы мөлшері 290 мың теңгены құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу