Сот-медициналық сараптаманың жүріп жатқанына 2 айдан асты. Іс тергеліп болған соң, оның қорытындылары жарияланады. Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыздың 26-сы күні Елордада 303 бағыттағы автобус жоғары жылдамдықта бағдаршамда тұрған автобусқа барып соқтығысты. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 27 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов осы оқиғаға қатысты алғашқы болжамдарын жариялады.
Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік Полиция Комитетінің төрағасы:
Өздеріңіз көргендей видео сюжетте ең алдымен көлік жүргізушісінің кінәсімен жылдамдық режимі сақталмаған. Сондықтан осындай жол апатына апарып соқтырған.
Ербол МӘНДІБЕК