«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

28.06.2021
«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

БАҚ қызметкерлері күніне орай «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымының қызметкерлері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Еңбек ардагері» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты ұжымға Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай табыстады.

«Qazaqstan» ҰТА Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс бөлімінің шеф-редакторы Иманбай Жұбаев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Ал «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленгендер қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан, «Abai tv» телеарнасының директоры Азамат Кеңесұлы, Ұлттық арна журналистері Асима Нұрбайқызы мен Нұрбек Бекбау бар.

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасын бейнеинженер Есімбек Ерденов, режиссер Нұрсұлтан Темірханов және телеоператорлар Нұрбек Қоспанов пен Жанболат Қобдабай иеленді.




журналистер күні БАҚ қызметкерлері күні

Хабарламаларға жазылу