Қарағанды полициясы кісі қолынан қаза болған белсенді Бақтыбаевтың қазасын тергейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды полициясы кісі қолынан қаза болған белсенді Бақтыбаевтың қазасын тергейді

30.05.2019

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында танымал қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевты белгісіз біреулер атып өлтірген. 28 мамырда Атасу кентінде тұратын 59 жастағы кент тұрғыны өз ауласында кісі қолынан қаза тапқан. Қылмысты ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында полиция іс қозғады.

Ғалы Бақтыбаев қоғамдық мәселелерге үнемі үн қосып жүретін аудандағы белсенді азаматтардың бірі болған. Артында жары, 5 баласы қалды.

Жанатай Сембеков, облыстық Полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Қылмысты ашу, күдіктіні ұстау мақсатында құрамында департаменттің және Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі жедел тергеу қызметкерлерінен топ жасақталып, қылмыстың ізін кесу бойынша іздестіру, тергеу шаралары атқарылуда. Бұл істің барысы облыстың полиция және прокуратура басшылығының қатаң бақылауында.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу