Журналистер арасындағы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасындағы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі мәресіне жетті

26.06.2021
Журналистер арасындағы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі мәресіне жетті

Журналистер арасындағы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі мәресіне жетті. БАҚ өкілдері арасындағы спорттық шара «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтті.  

Турнирде барлығы 8 команда: «ҚазАқпарат агенттігі», «2-бап. Цензура», «7 арна», «Atameken business channel», «Қазақстан» корпорациясы, «Qazaq radiolary», «Қазмедиа орталығы» және «Хабар агенттігі» ұжымдары сайысқа түсті.

Турнирдің бас жүлдесін «ҚазАқпарат» ХАА-ның құрама командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Хабар» командасы алса, үшінші орын «Qazaq radiolary» ұжымына бұйырды. Корпорация құрамасы 4-орын иеленді. Жеңімпаздарға марапатты Мәжіліс депутаты Ләззат Сүлейменова, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Омаров табыстады.  

Сонымен бірге шарада Нұртілеу Иманғалиұлының өзі 1998-2000 жылдары құрамында ойнаған «Сарыарқа» командасымен жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

«Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамытуға үлес қосумен қатар, БАҚ өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту болатын. Сол мақсатымызға жеттік. Бұл – волейболдан журналистер арасында өткізіліп отырған алғашқы шара. Алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу жоспарда бар», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан.



Хабарламаларға жазылу