Қандаланы улаймын деп, көршілерін өлтіріп алған әйел 6 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандаланы улаймын деп, көршілерін өлтіріп алған әйел 6 жылға сотталды

25.06.2021

Ақтауда қандаланы улаймын деп, көршісін өлтіріп алған тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Қайғылы жағдай биыл ақпанда болды. Қала тұрғыны пәтерін елімізде тыйым салынған улы препарат «Квикфоспен» улап, көршілеріне ескертпестен кетіп қалған. Салдарынан жоғары қабатта түратын әйел мен оның 10 айлық баласы қаза тапты. Тағы 5 адам уланып, ауруханаға түсті. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Ол жазасын қауіптілігі төмен қылмыстық түзету мекесінде өтейтін болды. Тап осындай қайғылы оқиға осыдан 1жыл бұрын тіркелді. Ол кезде дезинфектордың салғырттығынан 3 бала уланып, қаза тапты.


Хабарламаларға жазылу