Журналистер қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер қоныс тойын тойлады

25.06.2021

Бұқаралық ақпарат құралдары күні қарсаңында «Хабар» агенттігінің қызметкерлері қоныс тойын тойлады. Ұжымда еңбек ететін бірқатар азамат елорданың қақ ортасынан баспаналы болды. Агенттік осылайша ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметерлеріне ерекше сый жасады. «Хабар» басшылығы пәтерлерді кейіннен сатып алу мүмкіндігіне ие болатын жүйе арқылы беріп отыр. Пәтер кілттерін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева табыстады. 10 қабатты заманауи ғимараттан 200-ден астам қызметкер баспана алды.

Достық Талғатұлы, Арнаның шығарушы редакторы:
Көпбалалы отбасы екенімді елеп, 3 бөлмелі пәтер беріп жатыр. Өзіміз журналист болғаннан кейін жұмыс бабымен көптеген отбасылардың баспаналы болып жатқан сәтіне куә болдық. Қуаныштарын көрдік. Оны өзіміздің эфир арқылы бердік. Міне, бүгін өзім де сондай қуанышты сәтте тұрмын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу