Алдағы екі жылда ЭКСПО Халықаралық мамандырылған көрмесіне кеткен шығын толық өтеледі. Көрмеден кейін бұл аумақтың іскерлік орталыққа айналғаны белгілі. Көлемі 25 гектарды алып жатқан алаңда 350 мың шаршы метр болатын 15 нысан орналасқан. Бүгінде ғимараттардың 98 пайызы пайдаланылады. Бұдан бөлек мұнда түрлі ауқымды шаралар да өтіп келеді. Мысалы, жыл аяғына дейін ЭКСПО – да 15 көрме ұйымдастыру жоспарланған. Конгресс орталығында да қосымша 13 іс-шара өтеді. Ұлттық компания сауда инфрақұрылымын құру бойынша да жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оның аясында 4 трансшекаралық хаб құру көзделген.