Тез дайындалатын тағамдар артық салмаққа алып келеді және ковидпен күресте үлкен кедергі туғызады. Ал пандемия кезінде фастфудты мейрамханалардан жедел жеткізіп беру қызметіне сұраныс тым көбейген. Сондықтан Ұлыбританияда фаст фуд өнімдерін кешкі 21.00-ге дейін теледидардан жарнамалауға тыйым салынбақ. Фастфуд шығаратын ірі компаниялар мен кондитерлік фирмаларға майы, қанты және тұзы көп өнімдерін кешкі уақытқа дейін насихаттауға рұқсат етілмейді. Қызметкерлерінің саны 250 адамнан аспайтын шағын кәсіпорындар бұл шектеуден босатылады. Денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, Англиядағы ересектердің шамамен үштен екісінің артық салмағы бар.
Элисон Тедстоун, Англия денсаулық сақтау қызметінің бас диетологы:
Артық салмақпен күрес ұлттық деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл - үкіметтің халықтың денсаулығын бірінші орынға қойып отырғанының белгісі. Шектеулер келер жылдың соңында күшіне енеді.
Марина Бекенова