«Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өтті

24.06.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының жиналысын өткізді. Отырыста депутаттардың жаз кезінде өңірлерге баруы мен «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру жайы талқыланды. Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр өңірдің проблемаларын шешумен жүйелі түрде айналысуды тапсырғанын айтты. Барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерге көңіл бөліп, шешу жолдарын ұсыну да маңызды екеніне тоқталды. Оның орындалуын қамтамасыз ету үшін әр өңір бойынша үйлестіруші топтар құрылды. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы аймақтарға сапар барысында халықтың барлық әлеуметтік топтары, шалғайдағы елді мекендер барынша қамтылуы қажеттігіне тоқталды.


Хабарламаларға жазылу