Pfizer екпесі коронавирустың «Дельта» вариантымен күресте өте тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Pfizer екпесі коронавирустың «Дельта» вариантымен күресте өте тиімді

24.06.2021

Pfizer вакцинасы коронавирустың тез жұққыш «дельта» вариантымен күресте аса тиімді. Мұны осы компанияның Израильдегі медициналық директоры Алон Раппапорт жергілікті телеарнаға берген сұқбатында айтты. «Өз деректеріміз бен әлемнен жиналған мәліметтер инфекцияның бұл нұсқаға жоғары деңгейде қарсы тұра алатынын көрсетіп берді» , - дейді ол. Осыған дейін Англияда жүргізілген зерттеу Pfizer мен AstraZeneca вакциналарының үндістандық вариантпен күресте 90 пайыздан артық тиімділік байқатқанын растаған еді. Израильдің 9,3 миллион тұрғынының жартысынан астамы вакциналанды. Бірақ, соңғы бірнеше күнде мұнда жұқтыру оқиғалары қайта көбейе бастағандықтан, билік ата-аналарды 12-15 жасар балаларды да иньекциялауға шақырып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу