Алматыда үнді штамын жұқтырғандар 11 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үнді штамын жұқтырғандар 11 адамға жетті

24.06.2021

Алматыда үнді штамын жұқтырғандар 11 адамға жетті. Бүгін анықталған 10 науқастың сынамалары тағы да зерттеуге жіберілді. Олардың қатарында 2013 жылы туған жеткіншек те бар. Бүлдіршін - күні кеше алғашқы боп Дельта штамы табылған 37 жастағы келіншектің қызы. Одан сынама алынған болатын, нәтижесі Үнді штамын растады. Қазір қауіпті вирус табылған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Сондықтан мамандар қала тұрғындарын барынша сақ болып, уақытында екпе салдыруға шақырып отыр.

Лаура Мырзағали, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 
Дельта штаммы өзіміз үшін де қоқынышты болып тұр. Аурулар саны бірден көбейіп кетуі мүмкін. Өзіміз сондай сараптама жасап отырмыз. Қазір вакцина алмай, жайбарақат эпидемиялогиялық барлық шараларды сақтамаса, жаман жағдайға жетуіміз мүмкін.


Хабарламаларға жазылу