Елімізде балалар арасында ағзадағы зат алмасудың бұзылу дерті белең алған. Бұл туралы Алматыда өткен сирек кездесетін аурулардың алдын алуға арналған халықаралық форумда айтылды. Жиынға әр аймақта осындай диагнозға шалдыққандардың еміне жауапты үйлестірушілер, білікті педиатрлар мен Ресей дәрігерлері қатысты. Мамандар қауіпті аурудың алдын алу және емдеу жолдары туралы пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Айтуларынша, дертпен күрес үшін мемлекеттен қолдау бар. Енді тек дәрігерлердің сауаттылығын арттырып, жүйелі жұмыс істеу керек.
Нұрхан Нұрланұлы