Меркель Еуропа одағын Ресейге бірлесіп жауап беруге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меркель Еуропа одағын Ресейге бірлесіп жауап беруге шақырды

24.06.2021

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа одағын Ресейдің арандатушылық әрекеттеріне қарсы бірлесіп жауап беруге шақырды. Бірақ, ол бұның қандай әрекет екенін нақты атаған жоқ. Мұндай мәлімдемені Меркель Бундестагтың төменгі палатасында жасады. Тағы бір сөзінде неміс үкіметінің басшысы Брюссельді Ресеймен және оның президентімен тікелей байланыс орнатуға шақырды. Сондай-ақ, осы айда өткен Байден-Путин саммитіне қошемет білдірді. Меркель Еуропа одағының Украинада, Беларусь пен Батыс Балқанда болып жатқан оқиғаларға жауапты екенін де атап өтті. Неміс басшысы Бундестагқа соңғы рет үкіметтік үндеу жолдап отыр. Өйткені, биыл қыркүйекте өтетін парламенттік сайлаудан кейін Меркель Германия канцлері қызметінен кетуі керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу