Күршім ауданында шыбын-шіркей қаптап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күршім ауданында шыбын-шіркей қаптап кетті

24.06.2021

Шығыс Қазақстандағы Күршім ауданының тұрғындары шыбын-шіркейден көз ашпай отыр. Әсіресе, Қалжыр, Боран және Теректі ауылында соңғы екі аптада жағдай мүлдем қиындап кеткен.

Ал аудандағы жауапты мамандар шыбын-шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Биыл ол үшін бюджеттен 20 миллион теңге бөлінген.

Мақсат Әкірамов, Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Боран, Қалжыр елді мекендеріндегі батпақты жердегі дезинфекциялау бойынша бірінші кезеңі жүргізілді. Оған сәйкес екі аумақты қосқан кезде 8 мыңнан аса гектар жер қамтылды. Енді бүгін шығу керек болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтады. Мамандардың айтуынаша бұндай кезде тиімзісіз. Енді жақын күндері жаңбыр басылған соң осы жұмыстар қайта жүргізілетін болады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу