СҚО-ның Саумалкөл ауылында құрылыс материалдары дүкені өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-ның Саумалкөл ауылында құрылыс материалдары дүкені өртенді

22.05.2019

Солтүстік Қазақстан облысындағы Саумалкөл ауылында шағын базар өртенді. Болжам бойынша, сыр сататын дүңгіршекте қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Тілсіз жау тез жайылып, 1037 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіруге жергілікті құрамның 34 адамы мен 8 техникасы тартылды. «Өртті сөндіруге 3 сағатқа жуық уақыт кетті», - дейді мамандар.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Ғимараттың ішінде сыр мен құрылыс материалдары секілді тез тұтанатын заттардың көп болуы және ғимараттың сырты металлосайдингпен қапталғандықтан, өрт сөндіру кезінде қиындықтар туғызды. Сағат 18:40-та өртті тежедік, 1 сағаттан соң толық сөндірдік.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу