Алматыда 8 жасар баладан үнді штамы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 8 жасар баладан үнді штамы анықталды

24.06.2021

Алматыда 2013 жылы туған жеткіншектен үнді штаммы табылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг кезінде айтты. Бұл - мегаполистегі Дельта штамы расталған екінші науқас. Күні кеше 37 жастағы келіншектен алғаш рет Үнді штамы табылған. Қазір қауіпті вирус табылған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Сондықтан мамандар қала тұрғындарын барынша сақ болып, уақытында екпе салдыруға шақырып отыр.

Лаура Мырзағали, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 
Дельта штаммы өзіміз үшін де қоқынышты болып тұр. Аурулар саны бірден көбейіп кетуі мүмкін. Өзіміз сондай сараптама жасап отырмыз. Қазір вакцина алмай, жайбарақат эпидемиялогиялық барлық шараларды сақтамаса, жаман жағдайға жетуіміз мүмкін.


Хабарламаларға жазылу