Қырғызстанның мемлекеттік телеарналарының мамандары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның мемлекеттік телеарналарының мамандары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді

24.06.2021
Қырғызстанның мемлекеттік телеарналарының мамандары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мен қырғызстандық «Пирамида» медиахолдингі» ЖШС Бас директоры Доорнбек Адаханов телеөндіріс саласындағы өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды.

Кездесу аясында «Қырғызфильм» киностудиясы, «Пятый канал», «ЭлТР» мемлекеттік телерадиохабартарату компаниясының өкілдері «Qazaqstan» арнасының жаңалықтар және бағдарламалар өндірісімен, «Қазақ радиоларының» қызметімен танысты.

Қырғыз өкілдері Корпорация мамандарының телеөндірістегі тәжірибесін үйрену мақсатында Қырғыз Республикасына шақырды. Екі елдің мемлекеттік арналары алдағы уақытта мәдени-тарихи бағыттағы бірлескен жобалар өндіру мәселелерін талқылады.




Хабарламаларға жазылу