Түркістан облысында досын автокөлікке байлап сүйрегендер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында досын автокөлікке байлап сүйрегендер жазаланды

24.06.2021

Түркістан облысында жас жігіттер өздерінің мықтылығын көрсету үшін досын автокөлікке байлап, арқанмен сүйреткен. ВАЗ-21/14 машинасына байланған азаматтың іс-әрекетін достары жан-жақтан телефонның камерасына түсірген. Әрі оны әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таратып, мақтанбақ болған. Жолаушы тасымалдау ережесін бұзып, құқықбұзушылық жасаған топтың әрекетін полиция дереу әшкере етті. Кінәлілер жазаға тартылды. Тексеру кезінде оқиғаның Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде болғаны анықталды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу