Халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ - депутат

23.06.2021

Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсау шарасында негізінен 2 ірі қаладағы құрылыс компаниялары мен банктер пайда көрді. Ал халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ. Мәжілісмен Айқын Қоңыров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Оның үстіне құрылыс материалдарын шетелден тасымалдайтындар мен отандық делдалдар инвестицияланды. Осы науқан басталғалы пәтер бағасы 8,3% -ға қымбаттаған. Соңғы бір жылдағы өсім - 22%. Депутаттың айтуынша, 313 мыңнан астам азамат зейнетақы жинағының бір бөлігін кәдесіне жаратқан.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Осы шараны жалғастыра отырып, «Жер үй» бағдарламасын іске қосу қажет деп санаймыз. Мемлекет сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық беруі тиіс. Аталған жоба отандық құрылыс материалдары, ілеспе тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шаралармен де қолдау табуы керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу