Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 27 адам суға батып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 27 адам суға батып кеткен

23.06.2021

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 27 адам суға батып кеткен. Оның 20-сы кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы жағдай әсіресе Шардара, Жетісай аудандарында өте жиілеп кеткен. Жергілікті жұрт шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге түседі, сондай-ақ ата-аналардың балаларына немқұрайлы қарауы да орны толмас қайғыға душар етуде дейді мамандар. Сондықтан құтқарушылар ескертумен шектелмей, тәртіпке бағынбағандарға жаппай айыппұл сала бастады.

Ерік Сарыбаев,  Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
27 оқиғаның 15-дегі жас балалардың өлу себебі ата-аналардың қарауынсыз қалып, есігінің алдында болмаса ауласынан, болмаса үйінің алдынан өтетін жәй ғана егістікті суғаруға арналған арықтарға, каналдарға батып кетіп жатыр. Тереңдігі жарты метр, бір метрге де жетпейтін жерлер бір өкініштісі. 15 бала, 2 мен 6 жас аралығындағы балалар.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу