Бихар штатының тұрғындары көшеде қайықпен қатынауға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бихар штатының тұрғындары көшеде қайықпен қатынауға мәжбүр

23.06.2021

Үндістанның шығысындағы бірнеше штатта жаңбыр төпелеп жауып, көшелер көлге айналды. Сондықтан, Бихар штатында тұрғындар қоғамдық көлікпен емес, қайықпен қатынауға мәжбүр. Ал, Ганга өзені арнасынан асып, мыңдаған тұрғынның баспанасы су астында қалған.

Айта кетсек, бұл аймақты соңғы апталарда екінші рет апат жайлап отыр. Өткен айда «Йаас» циклоны соққы бергенде Үндістанмен көршілес Пәкістанда 150-ден астам адам баспанасыз қалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу