Қазақстан Ресейге 360 мың тонна картоп экспорттаған. Бұл рекордтық көрсеткіш, - дейді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Сонымен қатар, отандық нарықта сұраныс пен ұсыныс теңгерімі бұзылып отыр. Өңірлер арасында көкөніс саудасы бойынша жүйелі қарым-қатынас жоқ. Осы сынды көптеген факторлар бағаның өсуіне әкеп соқтырған. Келешекте ең алдымен ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Бағаны тұрақтандыру үшін бизнес қауымдастықтар мен фермерлер арасында кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. Нарықтағы жағдайға Мысыр, Пәкістан сынды шетелдерден тасымалданатын өнімдер де ықпал етіп отыр, - дейді министр.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:Ол әрине, бағаның статистикасын көтеріп отырады. Мұндай жағдай қазір көріп отырмыз тек қана бізде емес. Көршілес елдермен бірігіп бұл проблеманы шешуге тырысатын боламыз. Өйткені, бүгінгі күні Өзбекстанда да картоп пен басқа да көкөністердің бағасы едәуір көтеріліп отыр.
Дарын Сағитов