Семейде бүгін халық тағы қоғамдық көліксіз қалды. «Semey BUS» кәсіпорнындағы автобус жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартты. Мұндай қарсылық осымен бірнеше рет қайталанып отыр. Жұмысшылар екі жыл бұрын құрылған серіктестіктен зейнетақы төлемдері мен медициналық сақтандыру жарнасын талап етуде. Ал жолаушы тасымалдаушы компания басшылығы, облыстық әкімшілік тиісті субсидияны бермеді сондықтан осындай проблема туындады дейді. Мәселенің қалай шешілетінін жергілікті әкімшілік әзірге хабарламады.
Ержан Жақып