Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында 5 жастағы бүлдіршінге зорлық-зомбылық көрсетті деп қамауға алынған күдіктілерге қатысты алқабилер үкім шығарды. Аталған факті бойынша ерлі-зайыптылар барлық бап бойынша айыпты деп танылды. Олардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, екіншісі яғни, әйел адам 22 жылға сотталды. Осы іске қатысы бар тағы бір азамат тергеу кезінде өз-өзіне қол салған болатын. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Руслан Нұрланұлы