Чикагода торнадоның соққысынан 22 мың тұтынушы жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чикагода торнадоның соққысынан 22 мың тұтынушы жарықсыз қалды

22.06.2021

АҚШ-тың Чикаго қаласына алапат торнада соққы берді. Қауіпті құйынның екпінінен он шақты үй жермен-жексен болып, көшелерде ағаштар құлаған. Сонымен қатар, электр жүйесі істен шығып, 22 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды. Дегенмен, қаза тапқандар жоқ. Тек алты адам жараланып, ауруханаға түсті. Ал, «Си-би-эс» телекомпаниясының хабарлауынша, бірнеше отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір апаттан зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу