Түркияда 1 шілдеден бастап карантиндік шектеулер толық алынып тасталатын болды. Бұл туралы халыққа бейне үндеу жолдаған ел Президенті Режеп Тайып Ердоған айтты. Келер айдан бастап жексенбі және мейрам күндері болатын коменданттық сағат тоқтатылып, барлық мемлекеттік мекемелер толық жұмыс күніне көшеді. Сондай-ақ қоғамдық және қалааралық көлік қатынасы қалпына келіп, ешқандай рұқсат қағазынсыз саяхаттауға мүмкіндік берілмек. Дегенмен, әзірге бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ. Соңғы бірнеше аптада Түркияда вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қазір 30 жастан асқандар егілуде. Бүгінге дейін 43 млн-ға жуық адамға екпе салынған. Көктемде вирус жұқтырғандар саны күніне 65 мыңға дейін жетсе, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне бес мың адамға дейін артқан.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
Осы жақсы үрдіс ұзағынан болсын десек, халық болып сақтық шараларын әлі де жалғастыруымыз қажет. Кезегі келген әр азамат екпе салдыруы маңызды. Вакцинаға қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбей, мамандардың сөзіне ғана құлақ асқан жөн. Бірнеше айдан соң жергілікті вакцинаны да жаппай қолданысқа енгіземіз деген үмітіміз бар.
Айдос Әшімұлы