Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауыт күзде іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауыт күзде іске қосылады

21.06.2021

Жамбыл облысындағы коронавиурсқа қарсы вакцина шығаратын зауыт күзде іске қосылады. Қазір құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары аяқталуға жақын. Өндіріс ошағы ішкі және сыртқы нарықты қажетті вакцинамен қамтамасыз етуге қауқарлы. Зауыт бұған қоса жануарларға арналған екпені де шығармақшы. Бүгін облыс әкімі осы және өзге де мәселелер мен оларды шешу жолдарын баяндады.

Зауыттың құрылысы наурызда аяқталған. Мамандар орнаталған құрал-жабдықтарды техникалық тексеруден сәтті өткізді. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Енді вакцинаны жасау технологиясын сынақтан өткізу қажет. Одан кейін жауапты ведомстволардың қатысуымен сертификат алу жұмыстары жүргізіледі.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Бұған кем дегенде 1 жарым ай керек. Содан кейін лицензия аламыз. Қыркүйекте 1 млн вакцина шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Болашақта вирустың басқа штамдарына қарсы және жануарлар үшін екпе шығаруды жөнге қоямыз.

Аймақта әр салада ілгерілеушілік бар. «Асар», «Таразға тарту»сынды өңірлік бағдарламалар өз жемісін беруде. Дегенмен, кейінгі жылдары шаруалар судан тарығып отыр. Қордаланған мәселені шешудің кешенді жоспары бар. Оның алғашқыларының бірі – биыл дала еңбеккерлеріне 144 жаңбырлатып суғару қондырғысы лизингке беріледі.

Қырғызстанға тәуелділікті азайту үшін 3 су қоймасын салу көзделген. Нәтижесінде суармалы егістік алқап 211 мың гектарға ұлғаяды. Көрші елге тәуелділік 50% дейін төмендейді.

Аймақта 600 су ұңғымасы бар. Ескісі жөнделеді. Олар 10 мың гектарға жуық алқапты тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Қырғызстанмен тағы да сөйлесуіміз керек. Қазіргі таңда Шу, Талас өзендері арқылы өзімізге тиісті судың 50 пайызын ғана алып отырмыз. 56.55+ 55.32 Біз ең бірінші жер астындағы және үстіндегі суларымызды тиімді пайдалануымыз керек.

Облыста бағаны бақылау күшейтілген. Әлеуметтік дүкендерде азық-түліктің 19 түрі 15-20 пайызыға арзан. Бұл ретте өнімді делдалсыз сатуға басымдық берілген. Айта кетерлігі, аймақта 500-ге жуық нысан «Ashyq» қосымшасын пайдаланып отыр.  Әкім облыста жыл басынан 16 мың жұмыс орны ашылып, халық табысы 17 пайызға артты деді. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу