Сарысу ауданының әкімі 4 пәтерді біріктіріп қызметтік пәтерге айналдырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарысу ауданының әкімі 4 пәтерді біріктіріп қызметтік пәтерге айналдырған

21.06.2021

Жамбыл облысында Сарысу ауданының әкімі төрт пәтерді біріктіріп, қызметтік пәтерге айналдырған деп тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді.

Жанындағы жапсарлас 7 метрлік көлікжай да аудан әкіміне қарайды. Ол 130 шаршы метрлік бұл қызметтік пәтер бұрынғы әкімдерден қалған дейді. Айтуынша, жер алып жеке үй салу мемлекетке тиімсіз әрі артық ақша шығын.

Марат Сұлтанғалиев,  Сарысу ауданының әкімі:
Маған дейінгі шешілген басшылардың жобасы, бірақ мен мұны дұрыс шешілген жоба деп ойлаймын, өйткені өзіңіз білесіз жер бөліп, коммуникациясы бар, кәріз жүйесі бар, жылуы бар күтіп ұстау үкіметке, мемлекетке тиімсіз.

Айта кетейік, Сарысу ауданында 1700 адам үй кезегінде тұр. Қазір мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары қызметтік пәтердің заңдылығын тексеруге кірісті.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу