Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

21.06.2021

«Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр». Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. Үкімет басшысы бес айда ішкі өнім 1,6 пайызға өскен деді. Экономиканың барлық саласында өсім байқалады. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсімді көрсетті. Құрылыс саласы және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны жоғары. Ауыл шаруашылығында да тұрақты өсу қарқыны байқалып отыр. Қызмет көрсету саласында да көрсеткіштер оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, премьер-министр өндірістік емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалатынын атап өтті.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу