Алматыда субұрқақта балаларды тоқ соқты: Қала әкімі оқиғаға қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда субұрқақта балаларды тоқ соқты: Қала әкімі оқиғаға қатысты пікір білдірді

21.06.2021

Алматыда субұрқақта тоқ соққан балалардың бірі мен әйел адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екінші қыз бала реанимациядан бөлімшеге ауыстырылған. Бәрінің жағдайы тұрақты дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған оқиғаға қатысты шаһар басшысы да пікір білдірді. Бақытжан Сағынтаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, тергеу басталғанын айтты.

Естеріңізге салайық, сенбі күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта ойнап жүрген балаларды/ әп сәтте тоқ соғып, оларды құтқармақ болған әйел адам да зардап шеккен. Дегенмен, сол маңда жүрген тұрғындардың бірі өзіне қауіп төніп тұрса да, алғашқы көмек көрсеткен. Ал қалалық әкімдік өкілдері субұрқақты мамандар сол күні әдеттегідей тексергенін айтады. Сондай-ақ, фонтан маңында суға жақындауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшасы орнатылған деп отыр.

Жанна Асанова, «ECO ALMATY» ЖШС директоры:
Субұрқақ негізі техникалық жағынан бәрі дұрыс істеп тұрған болатын. Оқиға болғаннан кейін субұрқаққа барып тексеру жүргізді. Бірлескен тексеру және зерттеу нәтижесінде субұрқақ жабдығының жұмысындағы ақауды растайтын техникалық бұзушылықтар анықталмады.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу