Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

21.06.2021

Үндістанның МахаРаштра штатында коронавирустың жаңа түрі табылды. Ол «Дельта-плюс» деп аталып отыр. Бұл штаммды шамамды 20 шақты адам жұқтырды. Наурыздың соңында мұнда «ковидтің» аса жұқпалы варианты тарап, одан мыңдаған адам қаза тапқаны белгілі.

Ал, Бразилияда эпид-жағдайды коронавирустың енді анықталған «Гамма» атты нұсқасы қиындатып отыр. Оны Амазонияда күніне 70 мыңдай адам жұқтырып жатыр. Соңғы статистикаға жүгінсек, Бразилияда пандемиядан жан тәсілім еткендердің жалпы саны жарты миллионнан асып кеткен. Қытайда 1 миллиард 10 миллион вакцина егілген. Мұны елдің Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады. Алайда, қанша адамның бір немесе екі доза екпе алғаны әзірге белгісіз.

Жапония Жазғы ойындарды қайтсе де өткізуге бекініп отыр. Ұйымдастырушылар журналистерге Токио бұғазында салынған Олимпиада ауылын көрсетті. Дегенмен, «Киодо» агенттігінің зерттеуіне қарағанда, жапондардың 80 пайызға жуығы алдағы әлемдік спорттық жарыстар кезінде елде вирус өршиді деп алаңдап отыр. Айта кетсек, Токиоға ұшып барған угандалық атлеттен ковид табылды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу